Жобаның басталуы: 2013 жыл 29 тамыз

ЭШФ АЖ-ді тестілеу жұмысына енгізу: 2014 жыл 1 шілде

 

ЭШФ АЖ-нің негізгі мақсаты - тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді  (ТЖҚ) Жеткізуші мен ТЖҚ сатып алушы  өзара әрекеттесу үдерісін автоматтандыру, әсіресе Мемлекеттік кіріс комитеті атынан ҚР Қаржы министрлігі арқылы электронды түрде жазылған ШФ қабылдау, өңдеу, тіркеу, жіберу және сақтауды қамтамасыз ететін ЭШФ айырбастау.

ЭШФ АЖ іске асыру шеңберінде шот-фактуралардың құжат айналымына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған шығыс шот-фактураның құрылуынан (жаңа, қосымша, түзетілген) Сатып алушыға жіберілген ге дейін барлық қажетті операциялар автоматтандырылады.

ЭШФ АЖ құру мақсаттары:

  • Бизнес субъектілері арасында құжат айналымына жұмсалатын шығындарды және уақытты қысқарту, қазынашылық мен салық органдарының арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында электронды түрде жазылған ШФ қабылдау, өңдеу, тіркеу, жіберу және сақтау.
  • Мемлекеттік мекемелердің бюджетті орындалу сапасын, шығындардың тиімділігі және қаржылық тәртібін арттыру.
  • Салық әкімшілігінің сапасын арттыру, оның ішінде жалған кәсіпорындардың алдын-алу, анықтау және жолын кесу.

Автоматтандыру объектісі болып ТЖҚ жеткізуші мен сатып алушылар арасында шот-фактуралардың құжат айналымы үрдісіне кіретін операциялар, сондай-ақ салық және қазынашылық органдар қызметкерлерінің осы операциялардың орындалуын бақылау болып табылады.

ШФ құжат айналымы үрдісі мынадай операцияларды қамтиды:

  • ТЖҚ жеткізушісінің ШФ енгізуі (немесе сыртқы жүйеден, файлдан ШФ импорттау, ШФ пакетін импорттау).
  • ШФ-ны электронды түрде жазылған шот-фактуралардың құжат айналымы ережелеріне сәйкестігін тексеру.
  • ТЖҚ жеткізушісінің ШФ-ға қол қоюы.
  • ШФ-ны құжатқа тіркеу нөміріне иелендіріп ЭШФ АЖ тіркеу.
  • ШФ алушыға ШФ жеткізу.
  • Жеткізушінің бұрын жазған ШФ жою , Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайда
  • Түзетілген және қосымша ШФ жіберу, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайда
  • ШФ шақырту, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайда
  • Түзетілген және қосымша ШФ қабылдамау және шақырту, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайда
  • Мемлекеттік мекемелерге, Қазынашылық органдарына жазылған СФ жіберу
  • ЭШФ АЖ-де ЭШФ сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талап қою мерзімі ішінде ЭШФ АЖ пайдаланушыларына жіберуге және алуға рұқсат беру.

 

ЭШФ АЖ қатысушысының атынан (бір кәсіпорыннан) жүйеде 1-ден 5 мыңға дейін қолданушы (ЭШФ жазу және алу үрдісіне қатысатын филиалдар бухгалтерлері және басқа қызметкерлер) жұмыс істей алады.

Жеке кәсіпкер иелері болып табылмайтын Жеке тұлғалар өздерінің өтініші бойынша жазылған ЭШФ-ті алу және қарау үшін ЭШФ АЖ пайдаланушысы ретінде тіркелу мүмкіндігіне ие.

ЭШФ АЖ ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің (ҚР ҚМ МКК), ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің (ҚР ҚМ ҚК) ақпараттық жүйесі мен қызметтерімен, сондай ақ ҚР Ұлттық куәландырушы орталығымен (ҚР ҰКО) өзара іс-қимыл жасайды,  сондай-ақ салық төлеушінің есепке алу жүйесі ашық API-интерфейсі арқылы өзара әрекеттесу мүмкіндігіне ие.

Жобаны іске асыру нәтижесі ЭШФ қабылдау, өңдеу, тіркеу, жіберу және сақтау қызметі болып табылады.

Қазіргі уақытта ҚР-да ШФ жазу, жіберу және сақтау тек қағаз түрінде жүзеге асырылады. ШФ жазу ТЖҚ жеткізушісі  міндеті болып табылады.

ТЖҚ  жеткізушісі салық заңнамасында қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ салық заңнамасында белгіленген тәртіпке байланысты  ТЖҚ алушысына ШФ жазып береді. ШФ салық төлеушінің басшысы мен бас бухгалтерінің қолымен немесе ШФ-ға қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен куәландырылады. ШФ-ға қол қоюға уәкілетті тұлғалар салық төлеушінің бұйрығы бойынша тағайындалады. ШФ салық төлеушінің мөрімен расталады.

ШФ-нің қағаз көшірмелерінің саны кемінде екеу болады (ТЖҚ Жеткізушінің көшірмесі және ТЖҚ Алушының  көшірмесі), бірақ көрсетілген нөмірден асып кетуі мүмкін. Мысалы, егер ШФ бірлескен қызметке қатысушыларға немесе бірлескен қызметке қатысушылардың атынан шығарылса, бірлескен қызметтің әрбір қатысушысы үшін ШФ-нің жеке данасы беріледі.

ШФ көшірмесі әдейі пошта арқылы немесе құжаттың жеткізіліміне кепілділік қамтамасыз ететін басқа жолмен ТЖҚ Алушысына жіберіледі.

ҚҚС төлеушілер ҚҚС бойынша декларациялар бөлігі ретінде жазылған және қабылданған шот-фактуралардың тізілімін мерзімді ҚР ҚМ МКК ұсынады.

ШФ ҚР заңнамасында қарастырылғандай талап қою мерзімі уақытында салық төлеушінің есеп құжаттары құрамында ТЖҚ Жеткізушісі және ТЖҚ Алушысында сақталады.

ШФ жазу кезінде туындайтын проблемаларды талдай отырып, салық төлеушілерде туындайтын мынадай мәселелерді бөліп қарастыруға болады:

  • ШФ дайындаудағы қателіктер. Жеткізушінің, алушының тіркеу анықтамасының қате жазылуы, соның ішінде ЖСН / БСН-дағы қателіктері, аталуы, адресі, ҚҚС бойынша куәліктің деректемелері және т.б.;
  • ҚҚС-ны есепке алмағанда, сатып алушының тәуекелдеріне байланысты сатып алушы тарапынан ШФ формасы бойынша шектен тыс талаптар;
  • Операторлық еңбек шығындары, қағаз, басып шығару, орау, почта маркалары, жеткізу;
  • көлемді мұрағаттар;
  • ТЖҚ жеткізушілерінен ШФ-ны беймезгіл алу;
  • ШФ жоғалту қаупі;
  • ШФ көлемді тізілімдерін салық органдарына тоқсан сайын көрсету.

Электрондық шот фактураларды енгізу, тіркеу және жіберудің үш нұсқасы іске асырылды:

  • WEB-қосымшасы арқылы;
  • off-line қосымша бойынша;
  • ЭШФ АЖ жүйесін салық төлеушілердің есепке алу жүйелерімен API арқылы интеграциялау арқылы.

Жүйеде ЭШФ-мен жұмыс істеудің екі негізгі үдерісін автоматтандыруды жобалайды:

  • ЭШФ АЖ жеке клиенттерін пайдалана отырып: WEB-қосымшалар және ЭШФ АЖ off-line қосымшалары;
  • интеграциялық механизмдер арқылы.

ШФ-ға қол қою ҰКО электронлы цифрлық қолтаңбалары арқылы қамтамасыз етіледі.

Жүйенің Web-қосымшасы «жұқа клиент» архитектурасы негізінде әзірленді, пайдаланушымен веб-браузер (веб-қызметтер технологиясын қолдана отырып) көмегімен өзара әрекеттеседі, деректерді өңдеу және деректерді сақтау серверде орындалады.

Off-line қосымшасы пайдаланушыларға тұрақсыз Интернет байланысы жағдайында немесе Интернетке тұрақты қосылудың болмауына арналған. Off-line қосымшасы «қалың клиент» архитектурасы негізінде жасалды.

Жүйе сыртқы жүйенің ЭШФ-мен барлық операцияларды орындауға мүмкіндік беретін, салық төлеушілердің есеп жүйесіне арналған ашық API-ті ұсынады, ол веб-қосымшасында және Off-line қосымшасында қол жетімді.

ҚР ҚМ МКК салық төлеушілерге есеп бағдарламалардың интеграциялық механизмдерін түзету үшін тесттік стендін ұсынады. ЭШФ АЖ тесттік ортасында тестілік компания атынан (серверде тіркелместен) электрондық шот-фактураларды жазуды / алуды, жүйенің негізгі мүмкіндіктері мен электронды құжаттармен жұмысын оңтайландыруды білуге болады. Тесттік ортада жазылған құжаттардың заңды күшіне жоқ және салық органдарының бақылау рәсімдерінде пайдаланылмайды. Тесттік серверге кіру үшін Мемлекеттік кіріс комитеті порталынан жүктелетін тестілік сертификаттар қолданылады.

Тестовый стенд ИС ЭСФ

Тестовый стенд ИС ЭСФ с модулем