ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулі

Құрметті қолданушылар!
2018 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  «Электрондық нысанда шығарылатын электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды шығару ережесін бекіту туралы»  № 270-бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2018 жылғы 1 сәуірден бастап «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулінің тәжірибелік эксплуатациясы енгізілген.

Бастапқы кезеңде бұл функционал автокөлік құралдарын жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылады, яғни оларға төмендетілген кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы  9 ақпандағы№ 58-бұйрығына сәйкес осы санаттағы автокөлік құралдарына 235 тауар позициясы жатады.
«Виртуалды қойма» модулі және  АРI-интерфейстерімен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық  мына сілтеме бойынша орналастырылған: http://kgd.gov.kz/ru/section/api-interfeys
«Виртуалды қойма» модулін  қамтитын «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің  өнімді сервері мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://esf-vs.gov.kz:8443/esf-web/login