ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулінің  тәжірибелік эксплуатациясы енгізілгені туралы  

Құрметті салық төлеушілер!
2018 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  «Электрондық нысанда шығарылатын электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды шығару ережесін бекіту туралы»  № 270-бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2018 жылғы 1 сәуірден бастап «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулінің  тәжірибелік эксплуатациясы енгізілген.
Бастапқы кезеңде бұл функционал автокөлік құралдарын жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылады, яғни Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы  9 ақпандағы№ 58-бұйрығына сәйкес оларға төмендетілген кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылады.
«Виртуалды қойма» модулі және  АРI-интерфейстерімен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық  мына сілтеме бойынша орналастырылған: http://kgd.gov.kz/ru/content/testovyy-stend-esf-1