ЭШФ АЖ жаңарту жұмыстары

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті 2018 жылғы 31 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ден бастап 1 маусым күні сағат 03.30-ға дейінгі уақыт аралығында  «Электрондық шот-фактура» ақпараттық жүйе жаңартылу пакетін орнату жұмыстары жүргізілетінін мәлімдейді. Жаңарту пакетіне келесі тапсырмалар енді:

1. Егер шығу белгісі 6-ға тең, жеткізу санаты «Лизинг беруші» және қабылдаушы санаты «Лизинг алушы» талаптары орындалған жағдайда G17 өрісін өзгерту мүмкіндігін жасау.

2. Келісімдері жоқ салық төлеушілерге ЭШФ АЖ-ны пайдалану туралы келісімге міндетті түрде қол қою функционалын істеу;

3. Детализация формасының жаңа түрі «Деректерді өзгертуді» іске асыру.

Осыған байланысты, белгіленген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қол жетімді болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!