ҚазОжРҒЗИ-да Watson for Oncology жұмыс сессиясы өткізілді

6-8 тамыз аралығында ҚазОжРҒЗИ-да Ұлыбритания мен АҚШ елдеріндегі IBM компаниясының мамандардың қатысуымен  WatsonforOncology жасанды интеллект жүйесін енгізу бойынша сынамалы жобаның екінші жұмыс сессиясы жүргізілді.

Бұл сессия онкологиялық патологиясы бар және оның даму тәуекелдері бар пациенттерді емдеу кезінде шешімдерді қабылдау үшін когнитивтік платформаны  енгізу бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бастамасымен жүргізілген жұмыстың жалғасы болып табылады. 2018 жылғы 16-18 шілде аралығында IBM компаниясының сарапшыларының қатысыуымен  сынамалы жобаның бірінші жұмыс сессиясы жүргізілді.

Осы сессия WatsonforOncology жасанды интеллект жүйесі көмегімен неғұрлым тиімді қол жеткізу мүмкіндіктері бар клиникалық үдерістер  мен мақсаттарына арналды. Сессия жұмысына АҚШ-тан IBM сарапшылары Сильвия Марси (Transformation Consultant, IBM Watson Health), Уильям Керр (Sr.Solution Architect, IBM Watson Health Watsonand Cloud Platform), МехулПател (Clinical Adoption Specialist, IBM Watson Health),  Ұлыбританиядан – Джордж Друнгас (Clinical Adoption Specialist, IBM Watson Health),Мәскеуден – Гаянэ Арутюнян (Business Analytic Systems Architect, IBM Corporation Russia) қатысты. ҚазОжРҒЗИ тарапынан ҚР ҰҒА академигі, институт директоры Диляра Кайдарованың басшылығындағы жұмыс тобы қатысты. Сонымен қатар сессия жұмысына Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының, Алматы онкологиялық орталығының, IBM қазақстандық офисінің және сессияны жүргізудің техникалық қолдауын іске асырған Open Systems Development атты серіктес компаниясының өкілдері қатысты. Сессия барысында сапалық, тиімділік және инновациялар басымдықтарына  негізделген, арнайы қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі үшін өндірілген жасанды интеллект бойынша когнитивтік платформа пайдаланушылары мен иегерлерінің артықшылықтарын анықтау және талдау әдіснамасы ұсынылды.IBM сарапшылары атап өткендей Қазақстан Республикасы жасанды интеллект жүйесінің әлеуетті де, мықты бенефициары болып табылады, және де бүгінгі күні – бұл инновациялық өнім сәтті жұмыс істей алатын посткеңестік кеңістіктегі Ресейден басқа жалғыз мемлекет болып табылады. Бүгінгі күні Watsonfor Oncology жасанды интеллект жүйесі 21 мемлекетте енгізілген, оның ішінде Чехия, Польша, Словакия, Венгрия, Швеция, Греция, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Қытай, Тайланд, Үндістан, Бразилия, Колумбия, Мексика, Нидерланды. Біздің әріптестеріміз – IBM сарапшылары көрсеткендей,WatsonforOncology жүйесі Қазақстан Республикасы үшін қуатты ресурс болып табылады, онкологиялық қызметтің  әр түрлі кезеңдерінде және деңгейлерінде пайдаланылуы мүмкін. Атап айтқанда, бұл когнитивті платформаның клиникалық шешімдерді қабылдау кезеңінде бірқатар артықшылықтары бар, яғни "бастапқы кеңес беру" деп аталатын кезеңде іс жүзінде науқастың нақты тағдыры шешіледі - қаншалықты уақытылы және сапалы тексеру жүргізілсе, және де арнайы емдеу сипаты туралы шешім қабылданады. Мультитәртіптік топтардың жұмысы үшін мүмкіндіктер қарастырылды, бұл өз кезегінде Memorial Sloan Kettering Cancer Center және National Cancer Comprehensive Network әзірлейтін жетекші әлемдік ғылыми журналдарда және клиникалық ұсынымдарда жарияланған дерек көздерден клиникалық дәрігерлерді қуатты дәлелдеу базасымен қамтамасыз етеді, сонымен қатар заманауи онкологияда мультимодалды және кешенді емдеудің принципі қолдайтыны сөзсіз, ҚазОжРҒЗИ мен Алматы онкологиялық орталығының дәрігерлеріне аурулардың егжей-тегжейлі және әдеттегідей емес оқиғалар жағдайында «екінші пікір» деп аталатын шешімді қабылдау үдерісін ұсынылатын  Watsonfor Oncology мүмкіндіктері ұсынылды. Сонымен ҚазОжРҒЗИ мен өңірлік онкологиялық орталықтар арасындағы өзара әрекеттесу үдерістері және резиденттер мен жас дәрігерлердің кәсіби дағдыларын дайындау мен жақсарту үшін жасанды интеллект жүйесінің кең мүмкіндіктері ашылған. Жасанды интеллект жүйесінің жоғарыда аталған қолдану салалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында қаланған онкологиялық қызметін дамытудың мақсаттары мен міндеттерімен келісілді. Жұмыс сессиясының барысында ҚазОжРҒЗИ-дың онколог дәрігерлері жүйе жұмысымен практикалық түрде танысып, диагностика және емдеу тиімділігін бағалау үшін жеке тәжірибешіліктерінде кездескен жағдайларды жүйеге енгізе алды. Сессияның практикалық бөлігіне барлық клиникалық орталықтардың дәрігерлері қатысты: химиотерапия, онко-гинекология, бас және мойын ісіктері, онкоурология, абдоминалды және торакалды онкология, маммология. Сессия кезінде Watsonfor Oncology жүйесін қолдайтын  негізгі нозологияларды көрсететін 25 клиникалық жағдай жүйеге енгізілді . Біздің докторларымыз кейбір жағдайларда нақты пациенттің асқынған ауруы бойынша жағдаяттардың үлгісін жасап, ісік процестерінің сипаты және жүргізілген емдеу шаралары ескеріле отырып, Watsonfor Oncology жүйесінің ұсыныстары жасалды. Бұл болашақ емдеу жүргізу кезеңдерінің өте маңызды ресурсын жасайды, дәрігердің кәсіптік қолдауын қамтамасыз етеді, және өте маңызды жайт – пациентке үміттеуге мүмкіндік жасайды.

Жақын арада жасанды интеллект жүйесінің  практикалық түрде енгізілуі туралы Денсаулық сақтау министрлігі шешімінің  қабылдануы күтілуде. Қазақстан Республикасында осы инновациялық өніммен жұмыс істейтін алғашқы клиника ретінде ҚазОжРҒЗИ болып табылады.

Дереккөзге сілтеме: http://onco.kz/news/v-kazniioir-proshla-rabochaya-sessiya-pilotnogo-proekta-po-vnedreniyu-sistemy-iskusstvennogo-intellekta-watson-for-oncology/