ҚР ҚМ МКК 2018 жылдың 1 наурызында Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ден бастап 2 наурыз күні сағат 00.30-ға дейінгі уақыт аралығында жүйе жаңартылғанын хабарлайды

ҚР ҚМ МКК 2018 жылдың 1 наурызында Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ден бастап 2 наурыз күні сағат 00.30-ға дейінгі уақыт аралығында жүйе жаңартылғанын хабарлайды

 

1 ЭШФ АЖ дамыту тапсырмалары:

1.1.            Салық төлеушіні белгілі бір оқиғалардың мерзімінің аяқталуы туралы хабардар ету қызметі жүзеге асырылды.

 

2.                  Бұрыннан жүзеге асырылған механизмдерді жетілдіруге арналған тапсырмалар:

2.1              «Өлшем бірліктер» анықтамасын жаңарту;

2.2              Негізгі ЭШФ теріс мәнмен жазған кездегі G8, G11 және G14 бағандарындағы  қателерді бір мезгілде көрсету;

2.3              Түзетілген ЭШФ-да алушы катгориясы «Бейрезидент»  болған жағдайда «17. Қабылдаушы» және «18. Орналасқан мекен-жай»  өрістерін өзгертуге мүмкіндік;

2.4              «CryptoSocket» БҚ жүктеу сілтемесін жаңарту;

2.5              D тарауындағы «25.2. Жүк жіберуші», «26.2. Жүк алушы» өрістерінің өлшемдерін өзгерту;

2.6              Бас кәсіпорынның және филиалдың қызметкерінің профилінен филиалдың екі рет көрсетілу қатесін дұрыстау;

2.7              «Есептеу жүйесінің нөмірі» өрісінің бірегейлігіне бақылауды өзгерту;

2.8              Тіркелген кезде және құпия сөзді өзгерткен кезде енгізілген құпиясөзді көру үшін функция қосу;

2.9              Егер БҚД-дан деректер алу кезінде қазақ тілінде деректер болмаған жағдайда тіркеу бетінде қазақ тіліндегі Атауы өрісіне орысша атауын көрсету.

 

3.                  Жүйедегі қателіктерді жою:

3.1              Басып шығару кезінде ЭШФ бланкі атауына «Электронды» сөзін қосу;

3.2              XLS форматында есептерді құрастыру кезінде нөлден басталатын ЖСН/БСН көрсету қателігін түзету;

3.3              Құрылымдық бөлімшенің (филиалдың) БСН өрісіндегі қате БСН енгізген кездегі мәтіннің қателігін аудару;

3.4              Бейрезидент адресіне жазылған ЭШФ-ті шақыру кезіндегі қатені түзету.