Құрметті «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің қолданушылары! Сіздердің назарларыңызға танысу және талқылау үшін ЭШФ АЖ Виртуалды қоймасының жағында республикалық тіркеуге арналған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің классификаторын ұсынамыз.

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер классификаторы келесі екі деңгейлі мәндермен толтырылған анықтамада (Жүктеу) көрсетілген :

1 деңгей – ЭҚ ТӨК.

2 деңгей – СЭӘ ТН.

Есеп жүйелерінің тауарлық номенклатураларында ВҚҒА (виртуалдық қойманың ғаламдық анықтамасы) классификаторын қалай пайдалану қажет:

1.      Егер тауардың СЭӘ ТН белгілі болса, ЭҚ ТӨК- СЭӘ ТН маскасы бойынша «тире» белгісімен байланысты қолдану қажет. Мысалы, қоймада импортталған «брокколи қырыққабаты» болсын. Бұл жағдайда СЭӘ ТН белгілі – 704100000. ВҚҒА анықтамасында СЭӘ ТН 704100000 коды  «Қауданды қырыққабат, гүлді қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және осыларға ұқсас Brassica тұқымдас жеуге жарамды көкөністер, жаңа немесе салқындатылған/гүлді қырыққабат және брокколи» «01.13.13.01 - Гүлді қырыққабат және брокколи» деңгейіне жатады. Осылайша, ЭШФ толтыру кезінде G тарауының G17өрісінде «01.13.13.01-704100000» толтырылады.

2.      Егер тауар ҚР аумағында өндірілген және оның СЭӘ ТН болмаған жағдайда, ЭШФ толтыру кезінде G тарауының G17өрісінде ЭҚ ТӨК «01.13.13.01» деңгейінің кодын көрсетуге рұқсат беріледі

 

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Виртуалдық қойма модулінің қолдау қызметінің электрондық адресіне Media@osdkz.com және 8 (7172) 72-73-20 телефонына хабарласуыңызға болады.